Ол 2007-2008 жылдардан бастап зерттеушілердің АҚШ, Ұлыбритания, Германия сияқты алдыңғы қатарлы елдердің білім саласы бойынша әлемдік рейтингте үздік нәтижелер көрсете алмайтыны жөнінде мәселе қоя бастағанын айтты. Мұның бірден-бір себебі, әлемдегі көптеген білім жүйелері мектептер арасындағы жарысты алға жылжудың ең тиімді жолы деп біледі екен. Бұл ретте АҚШ-ты мысалға келтіруге болады. Ал Финляндия, Канада, Жапония сияқты елдерде білімнің озық жүйесі басымдықты мектептер мен мұғалімдер, оқушылар арасындағы әріптестікке сүйейді. Сондай-ақ дамыған елдердің арасындағы қателіктердің бірі – реформаларға құмарлық пен жекешеленіру идеясына тым беріліп кету, деді ол.
Паси Салберг мұның бүкіл әлем бойынша білім жүйесіне енгізілген вирус екенін айтады. «Бұл қандай да бір екпе. Оны медицинадағы індетпен күрескендегідей емдеу керек. Реформалардан бұрын жүйені жақсарту жолындағы тұрақты жұмыс керек. Егер бір тетік дұрыс жұмыс істемесе, түзеуге тырысқан абзал. Білім жүйесінде реформа іске аспай жатса, оны жайына қалдырып, келесісіне көше беретін әдеттен арылған абзал, дейді ғалым.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»