29 Қазан, 2011

Білім көрмесі

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуырда Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Халық­ара­лық бағдарламалар орталығы» АҚ қолдауымен Астанада халық­аралық білім көрмесі өтті. Көрменің негізгі мақсатына келер болсақ, ғылым, білім және инновациялық технология сала­сын­дағы әлемдік жетекші, соны­мен қатар өз Отанымыздағы білім мекемелері арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға ба­ғытталған. Шетелдік жоғары оқу орнына түсуге арналған әзірлік курстары бағдарламалары бой­ынша тілдік курстар өткізу, кәсіби біліктілікті арттыру, семинарлар, тренингтер мамандарды қайта даяр­лау бойынша жоғары оқу ор­ындарында оқу мүмкіндіктері жай­­лы ақпараттармен таныстыру да негізге алынған. Өркениетті елдермен мем­ле­кетіміздің байланысына келетін болсақ, бұл істерде үлкен ілгерілеушіліктер бар екені жұртқа мәлім. Әсіресе, Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Малайзия, Германия, Франция, Канада, Түркия, Швейцария, Испания, Ресей мемлекеттерімен студенттер алмасу жақсы жолға қойылған. Ал мұндай көрме «Stydylnn» мен «A2 International Education Faris» білім орталықтарының бірігуімен жыл сайын өтіп оты­ра­ты­нын да айта кетсек дейміз. Мә­се­лен, өткен жылы көрмеге 10 елден 50-ге жуық білім мекемелері қа­тыс­са, биыл 12 елден 70-ке жуық жоо атсалысқан. Бұл деге­ніңіз, шетелдік жетекші университеттермен еліміздің озық университеттері сту­денттер мен мектеп оқушыла­рының қызығушы­лы­ғын жылдан-жылға арттыруға талпынып отыр­ғанын көрсетеді. Биылғы көрменің басты ерекшелігі, білім саласының жетекші мамандарын нақты ұсы­ныстар мен шетелдік оқу орын­дарына түсудің мән-жайы туралы семинар өткізу болды. Сүлеймен МӘМЕТ.