Аймақтар • 27 Қазан, 2017

Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңғырту жұмыстары​​​​​​​ жүргізілуде

592 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының өндірістегі жаңғырту жұмыстары Еуразиялық топтың «Ұқыпты өндіріс» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Металлургтердің өндірістік жетістіктері алдағы қаңтар айында аталып өтетін кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына арналады. 

 

Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңғырту жұмыстары​​​​​​​ жүргізілуде

(ERG) Еуразиялық топтың құра­мына кіретін «Қазхром» Трансұлт­тық компаниясы» АҚ филиалы – «Ақсу ферроқорытпа зауыт» алып кәсіп­орындар қатарында. Өндіріс орнын­да 7 мыңдай адам еңбек етеді. Жылы­на 1,2 миллион тонна ферро­қорыт­па өндіретін зауыт біздің елі­мізде ғана емес, әлемдік металлургия нары­ғын­­дағы ірі кәсіпорындардың бірі саналады. 

Жуырда зауыттың №4 балқыту цехында күрделі жөндеуден өткен №47 пеш пайдалануға берілді. Алып электр пешінің күрделі жөндеуі зауыттың инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асты. Зауыт директоры Сергей Прокопьевтің айтуынша, ескі пешті жөндеу жұмысы қыркүйек айында бас­талыпты. Пеште жоғары көміртекті феррохром өндіріледі. Механикалық, гидравликалық және энергетикалық техникалық қажеттіліктері автоматтандыру жүйесіне ауыстырылып, металлургия саласындағы озық құрал-жабдықтар орнатылды. Қауіпсіз әрі экологиялық жағынан таза. Заманауи технология, жаңа пештің қосылуы зауыт­­­тық өнімділігін, арттырады. Пеш­­тің жылдық өнімділігі – 27 мың тонна жоға­ры көміртекті феррохром. За­ман талап­тарына сай жабдықтауға, жаңар­туға салынған инвестиция көле­мі – 1,4 млрд теңге. 

– Қазіргі күні жүргізіліп жатқан негізгі және қосалқы жаңғырту жұмыс­тары-кәсіпорынның тұрақты дамуы­ның басты факторы. Зауыттың барлық өндірістік нысандары еңбекті қорғау, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласында заманауи талаптарды есеп­ке ала отыра жобаланып, жетіл­діріліп отырады. Біздің компанияда әлем нарығына шығуға мүмкіндік беретін ферроқорытпа өндірудің тәжірибесі қолға алынуда. Әрбір күрделі жөндеу – жаңа пеш іске қосылды деген сөз,– дейді зауыт директоры Сергей Прокопьев.

Жөндеуден өткен пештердің іске қосылуы – өнімділікті арттыруға, жұ­мыс сапасын жақсартуға, жұмыс орын­дарының ашылуына үлес қосады. Қай өн­дірісте болсын бұл аса маңызды. Авто­­маттандыру, электродтардың қуат­тын тиімді пайдалану және олардың ток режімін тұрақтандыру арқылы энергия үнемдейді. Балқытушылардың еңбек қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. 

– Зауыттың өз мамандары жасаған пештердің күрделі жөндеу жұмыстары-біздің елімізде әлемдік деңгейде ферро­қорытпа өндірісін өндіруді жүзеге асыру­­дың тағы бір көрінісі. Барлық құры­­лыс-монтаж жұмыстарын зауыт ма­мандары жасады. Бұл біз үшін мақ­та­ныш. Кәсіпорынның «Ұқыпты өнді­ріс» бағдарламасының жүзеге асыры­луына үлес қосқан металлургтерге риза­шы­лығымды білдіргім келеді, – дейді зауыт директоры Сергей Прокопьев.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,
Ақсу қаласы

Суреттерді түсірген 
Ирина СЫЧИНА