29 Қазан, 2011

Елбасы қабылдады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хат­шы­сы­ның орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас ди­рек­торы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев Мемлекет бас­шы­сын БҰҰ-ның ағымдағы және перс­пек­тивалық қызметі тура­лы хабардар етті. БҰҰ Бас хат­шы­сының орынбасары Прези­дент­тің БҰҰ Бас Ас­сам­блея­сының 6­6­-­сес­сиясында сөй­ле­ген сөзі ха­лықаралық қоғам­дас­тық тара­пынан қызығу­шы­лық пен жа­қсы пікір тудыр­ға­нын атап өтті. Сонымен қатар, Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның ізгі тілегі мен сә­лемін жеткізді.