28 қазан күні Алматы қаласында Республикалық жоғары спорт шеберлік мектебінің ат спорты кешенінде «Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі «Қазақстан Республикасындағы бессайыстың тарихы, қазіргі күні және келешегі» атты тақырыпқа ашық сабақ ұйымдастырады және Алматы қаласының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ат спорты жөніндегі практикалық сабақ өткізіледі.
Жеке тұлғаны үйлесімді дамыту, патриотизмді тәрбиелеу, жастардың тұрақты спорттық іс-шараларға қатысуы арқылы зиянды әдеттерді болдырмау әрдайым өзекті болып табылады және осы іс-шараны өткізілудің себебі де болып табылады. Тікелей бетпе-бет әңгімелесу жағдайында балалар Қазақстанның қазіргі заманғы бессайыс тарихы, Қазақстан Республикасын үлкен халықаралық ареналарда көрсеткен тәрбиеленушілер және жоғары мемлекеттік лауазымдарға болған тұлғалар туралы дәріс тыңдауға мүмкіндік болады.
Осыдан кейін қазіргі заманғы бессайыс формаларының бірі болып табылатын ат спорты бойынша практикалық жаттығулар өткізіледі. Сабақты өткізуге Қазақстанның жетекші спортшылары - Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушылары, Әлем чемпионатының жүлдегерлері, Азия чемпиондары көмек көрсетеді.
«Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іс-шара өткізіледі.