29 Қазан, 2011

Күн тәртібі бекітілді

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата бюросының отырысы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шыға­ры­латын мәселелер сарапқа салынды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің бір­қа­тар заң жобаларын депутат­тар­дың талқысына шығару жө­нін­дегі ұсынысы қаралды. Атап айт­қанда, «Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемле­кет­тердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау туралы», «Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден орган­дары­ның қылмыстық істер мен әкім­шілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкі­меті мен Беларусь Респуб­ли­касының Үкіметі арасындағы Аза­маттық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынты­мақ­тастық туралы келісімді ратификациялау туралы», «Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құ­қы­ғын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағыт­тал­ған шаралар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобалары жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілетін болды. Үкіметтен Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары бой­ын­ша қорытынды әзірлеу мәсе­ле­сі қаралатын болды. Бюро оты­ры­сында Мәжілістің заң шығар­ма­шылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.