Қазақстан • 27 Қазан, 2017

5 мың әскери қызметші запасқа босатылады

917 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде 2016 жылғы күзде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа салтанатты шығару рәсімі өтті.  

 

5 мың әскери қызметші запасқа босатылады

Белгіленген мерзімді өткер­ген және запасқа босатылатын әскери қызметшілер, әскери абырой, ар-намыс пен даңқтың символы – Жауынгерлік тумен қоштасты. Салтанатты сап түзеуде бөлім командирлері оларға сәттілік, ал отбасыларына бейбіт аспан тіледі. Бұдан кейін қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды адал орында­­ғаны үшін сарбаздар мақтау қағаз­дар, алғыс хаттар, қызмет туралы фо­то­­альбомдар және естелік сый­­­лық­тармен марапатталды.

Салтанатты рәсімде запасқа босатылған әскери қызметші­лер соңғы рет өздерінің бөлімдері­нің алаңқайында сап түзеп жүріп өтті. «Қызметімізді жылы сезім­мен және жақсы әсерлермен еске алып отыратын боламыз. Біз үшін теңіз жаяу әскері туған үйі­мізге айналды, теңіз жаяу әс­керін­ің жалыны жүрегімізде от болып лаулап тұрады. Бізге демеу болып, қолғабыс жасаған, оқыт­қан, бұл жолдан өтуге көмек­тес­кен баршаларыңызға алғыс біл­ді­реміз», деді №25744 әскери бөлі­мі теңіз жаяу әскерлерінің са­рбаз­дары атынан сөз сөйлеген қатардағы жауынгер Еркінбек Аңсар. 

Десанттық-шабуылдау әс­кер­­лерінің жауынгерлері Ви­талий Родионов, Нариман Думанов пен Жәнібек Әбіл­дин Қарулы Күштердің ҚАЗБАТ бөлімшесінде қызмет еткендерін мақтан тұтады. Олардың айтуын­ша, дәл осы жерде, яғни әскерде ең жақсы адами және кәсіби қасиеттерді бойларына жұқтырған. «Адал қызметтерің үшін үлкен алғыс білдіремін. Сапта тұрған әрқай­сыларың өздеріңнің қа­жы­р­лы еңбектеріңмен аға буын­ның дәстүрін лайықты түр­де жалғастыра отырып, Отан­ға деген адалдықтарыңды дә­лел­дедіңдер. Өмірдегі өз жол­дарыңды табуларыңа тілек­тес­пін. Бұған Десанттық-шаб­уыл­дау әскерлерінде жинақтаған тәжі­рибелерің септігін тигі­зеріне сенімдімін», деді салтанат­ты шара барысында Десант­тық-шабуылдау әскерлері қол­бас­шысының орынбасары полковник Виктор Житник. 

Еске салсақ, 2017 жылы бар­лығы 5 мыңға жуық мерзімді әскери қызметші запасқа босатылады.

Қайрат ЖҮНІСҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50