27 Қазан, 2017

Мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық талқыланды

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы орталық аппараты­ның ғимаратында Парла­менті Мәжілісінің депутаты Ж.Жарасовтың төрағалық етуімен, аймақтармен бейне байланыс пішімін­де «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Рес­публикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайы қаралды.

Республикалық қоғамдық кеңес отырысына Парламент депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің, орта­лық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызмет­керлері, ҮЕҰ басшылары, пар­тияның орталық аппарат пен аймақтық филиалдарының, қоғамдық кеңестердің, БАҚ-тың өкілдері қатысты. 

Кеңесте аталған сала бойынша сыбайлас жемқорлыққа катысты қылмыстар санының өсіп отырғаны атап өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы салада 2015-2016 жылдар мен 2017 жылдың 6 айында 175 сыбайлас жемқорлық қыл­мыстары тіркеген, оның ішінде 2015 жылы – 57, 2016 жылы – 74 және 2017 жылдың 1-ші жар­ты­жылдығында – 44.

Республикалық кеңесте қарауға дайындау үшін «Нұр Отан» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Қ.Сүлейменов басшылық еткен жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Мәжіліс депутаттары Б.Кесебаева, А.Платонов, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының қызметкерлері, Мәдениет және спорт министр­лігінің өкілдері енгізілді. 

Талдау нәтижесінде мәдениет және спорт саласында сыбайлас жемқорлықтың елеулі қаупі бар екендігі, оған қарсы министрлік пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті шаралар болмай отырғандығы анықталды. 

Республикалық қоғамдық кеңес отырысының қорытын­дысы бойынша орталық және атқару­шы органдарға анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсынымдар берілді. 

«Егемен-ақпарат»