Қазақстан • 28 Қазан, 2017

Қарағанды облысында жыл басынан бері 56 ауылшаруашылық кооперативі құрылды

257 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Юржан Бекқожиннің айтуынша ауылшаруашылық өндірісінің дамуына агроөнеркәсіп кешенінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар үлес қосуда.

Қарағанды облысында жыл басынан бері 56 ауылшаруашылық кооперативі құрылды

- Жеке және жұмылдырылған қаражат есебінен барлығы жалпы есептегенде құны 57,6 млрд теңгені құраған 60 жоба жүзеге асырылды. Ауылдарда жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Шағын және орта шаруа қожалықтары ауылшаруашылық кооперациясына жұмылдырылуда. Жыл басынан бастап 1 қазанға дейін жылдық жоспар бойынша 38 кооперативтің орнына облысымызда 56 бірлестік құрылған. Оның 25-і сүт өнімдерін және 31-і ет өнімдерін өндірумен айналысады, - деді Юржан Бекқожин.

Сонымен қатар 7799 бас ірі қара малға шақталған 891 отбасылық мал семірту алаңдары құрылған. Ауылшаруашылық кооперациясына шамамен 2,8 мың ұсақ және жеке меншік қосалқы шаруашылықтар жұмылдырылған. Жаңадан 2112 жұмыс орны құралған. Жалпы есептегенде кооперативтер 530 тонна сүт және 67 тонна ет әзірлеген.

- Басты бағыт ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу болып қала береді, - дейді Юржан Бекқожин. – Әрбір аудан бойынша біз ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің қолдауымен қайта өңдеу өндірістерінің қуаттылық картасын жасадық. Алдағы уақытта 4 сүт өңдейтін және 7 ет өңдейтін өндірісті жаңғыртуды жоспарлап отырмыз.

Қажетті шикізатты фермалар мен кооперативтер қамтамасыз етіп отырады. Нәтижесінде, 2021 жылға қарай бір жылдық ет өңдеу көлемі 29 мың тоннаға дейін, сүт өңдеу 73 мың тоннаға дейін өседі деп жоспарлануда.

Сонымен бірге Юржан Бекқожиннің айтуынша өндірістік өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға да үлкен назар аударылады. Жыл басынан бері жалпы сомасы 42 млн АҚШ долларын құраған 197 мың тонна ауылшаруашылық өнімін экспорттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға көбірек. Жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемін 204 мың тоннаға ұлғайту жоспары бар.

- 2016-шы жылы алғаш рет БАӘ-не 3320 қозы экспортталған, ағымдағы жылы – 1200 бас мас шет ел асырылған. Бұл бағытта жұмыстар жалғастырылады, - деді Ауылшаруашылық басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында еліміздің барлық аймақтарында ауылшаруашылық кооперацияларын қолдауға бағытталған түсіндіру кампаниясы басталды. Ауылшаруашылық кооперативтеріне арналған жаңа мемлекеттік көмек механизмдері жұмыс істей бастады. Ел Президенті ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің алдына 500 мыңнан астам қосымша шаруалықтарды ауылшаруашылық кооперативтеріне ауқымды түрде жұмылдыру бойынша міндет қойды.