Қазақстан • 28 Қазан, 2017

Қазанның соңғы күндері жылы ауа-райымен қуантады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-30 қазан аралығы демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы

 

Қазанның соңғы күндері жылы ауа-райымен қуантады

Қазақстанның батыс облыстарында орналасқан циклон, үлкен жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытына қарай жылжыйтын болады. Сенбіде ол республиканың шығыс аймақтарына дейін жетеді. Осы циклонмен республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын - жаңбыр, қар, қатты ұшқынды жел, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.

Циклонның артынан Иран аймағынан түсетін құрғақ және жылы ауа массалары Қазақстанның бүкіл территориясына жылу әкеледі. Республиканың солтүстік жартысындағы күндізгі температура +3...+11 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте +15...+20 дейін, оңтүстіктің шетінде +23...+28 дейін жылы, яғни қазанның соңы үшін климаттық нормадан жоғары.