Әлем • 28 Қазан, 2017

Испания Премьері Католония парламентін таратты

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Премьер-министрі Мариано Рахой Католония парламентін таратты және сайлауды 21 желтоқсанға белгіледі. Бұл туралы Рахой министрлер кеңесінің жедел отырысында хабарлады.

Испания Премьері Католония парламентін таратты

Премьер-министр женералитатты таратып, оның басшысы Карлес Пучдемонды, сондай-ақ Католония полициясының басшысын қызметтен шеттететінін мәлімдеді. "Өзін-өзі басқаруды тоқтату емес, католондықтарға заңды қайтару және тездетіп заң аясында қалыпты жұмыс істеуді қайтару туралы айтып отырмын", деді ол.

Жұма күні Католония парламенті Испаниядан тәуелсіздік алу туралы сайлау өткізген болатын. Нәтижесінде 70 депутат қолдап, 10 депутат қарсылық танытты. Ал екеуі қалыс қалды. 

Артынша Мариано Рахой туиттер желісінде испаниядықтарды сабырға шақырып, Католония бостандығына қатысты заңдылықтар жүзеге асатынын айтып жазба қалдырған.