Аймақтар • 29 Қазан, 2017

Қостанайда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні өтті

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қостанайлық диқандар қамбаға 5,2 миллион тонна астық құйды. Бұл еліміз бойынша биыл өндірілген астықтың төрттен бірі.

Қостанайда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні өтті

Гектар айналымы орта есеппен 12,8 центнерден айналды. Түсім  Меңдіқара, Федоров, Қостанай аудандарында жоғары болды, ол орташа 15,6 центнерді көрсетті. Малшаруашылығында да жыл нәтижесі жаман болған жоқ. Бірқатар шаруашылықтарда бір сиырдан сауған сүттің көлемі  6 мың килограммға дейін барды. Ал бордақылау алаңдарында тәуліктік салмақ қосу 780 граммға дейін көтерілді.  

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов еңбек торыларын еліміздің медальдерімен, құрмет грамоталарымен, сыйлықтармен марапаттады.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай