Алдымен ас үйі, оның есік-терезесі мен, ас үйдің жабдықтары және ағаш төбесі бірден жанып кетіпті. Лапылдаған өртті сөндіруге 3 техника мен Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 20 адам жұмылдырылды. Өрт 40 шаршы метрді жалмапты. Үй иесінің 15 пайыздай терісі күйіп қалған.
Өртсөндірушілер оған алғашқы жәрдем көрсеткенмен, ер адам ауруханаға барудан бас тартып отыр. Мамандардың айтуынша, өрт оқиғасы орын алуға екі жағдай себепкер болуы мүмкін: газ құралдарын іске қосудағы сақталмаған өрт қауіпсіздігі немесе от жаққанда сақтық шаралары сақталмаған.
Раушан Нұғманбек,
суреттерді түсірген автор
Семей