29 Қазан, 2011

Қазақстандық компанияның халықаралық қор рыногындағы жетістігі

361 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қазақстандық мұнай ком­па­ниясы «ҚазМұнай­Газ» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы ха­лық­ара­лық қор рыногына шы­ғып, шетел рыногында отандық мұнай саласын мойындатып келе жат­қа­нына 5 жыл болды. Халық­ара­лық қор рыногы – IPO-ға қа­ры­мы мықты, стратегиялық жос­па­ры жасампаз компаниялар ғана ене алса керек. Осы орайда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың атқа­рып жатқан, алда да атқарар жұмыстары ауқымды еке­нін байқауға болады. «Қаз­Мұ­найГаз» БӨ» АҚ мұнайды барлау мен өндіруде еліміздегі жауапты әрі ірі компаниялардың бірі. Сол себепті ол шетелдік және отан­дық қор рыногындағы еркін сау­да­ға өз акцияларын шығарған тұң­ғыш отандық мұнай ком­паниясы. Компания IPO-ға енген 5 жыл ішіндегі жұ­мыстарына байланыс­ты роуд-шоу ұйымдастырып отыр. Роуд-шоу аясында «Қаз­МұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бірқатар отандық және шетелдік инвесторлар мен сарапшылар, жур­налистер қауымы­мен кездесіп, өзінің соңғы жылдары атқар­ған жұмыстары мен алдағы жос­парлары жөнінде баяндап, Қа­зақ­стандағы ең ашық компания ретінде бекер мойындалмағанын тағы бір айғақтады. Роуд-шоу Алматы қаласын­да­ғы қазақстандық зейнетақы қор­ла­рының өкілдерімен және осы рыноктың сарапшыларымен кездесуден басталды. Кездесулерде халықаралық қор рыногына енген кезден бергі атқарылған жұ­мыс­тары және жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ, ком­па­ния­ның қазіргі даму барысы мен 3 жылға жұмыс жоспары нақ­ты­ланды. Кездесуден кейінгі ар­найы брифингте «ҚазМұнай­Газ» Барлау Өндіру» АҚ бас ди­рек­торы Асқар Балжанов журналистер сауалдарына жауап бер­ді. «Қазір біздің еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі қор рынок­та­ры қиын-қыстау кезеңді бастан кешіруде. Әйтсе де біз осы жағ­дайға қарамастан, жылына кем дегенде бір рет болса да инвесторлармен және сарап­шылармен кездесу ұйымдастыруға тыры­са­мыз. Жаһандық экономикадағы проб­лемалар әлі де сақ­та­луда, бір­ақ осы­дан бес жыл бұрын, 2006 жыл­дың қа­зан айында «Қаз­Мұ­найГаз» Барлау Өндіру» IPO-ға шықты. Қазір біз мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстандағы ең ірі үш мұнай компаниясының қатарын­дамыз. Біздің басты басымды­ғы­мыз – «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­паниясымен арадағы тығыз қа­рым-қатынас. Осының арқа­сын­да, біз әсіресе құрлықта орна­лас­қан мұнай-газ активтеріне қол жеткізіп отырмыз. IPO-дан кейінгі бес жылдың ішінде осы ба­сым­дықтардың арқасында біздің компания үлкен өсім көрсетті. Ми­но­ритарлық акцио­­нерлеріміздің мүд­десін қорғауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесі де біз­дің ілгері дамуымыздың басты элементтерінің бірі. Біздің ком­па­нияның IPO-сы – Қазақстан үшін мемлекет пен миноритарлық ин­вес­торлардың мұнайгаз сала­сын­да­ғы бірлескен тамаша жобасы»,– деді Асқар Балжанов. Компания акцияларының қор рыногында сәтті болуы компа­ния­ның корпоративтік басқаруына тікелей байланысты. Сонда ғана инвесторлардың қызығу­шы­лы­ғы артып, компанияның тынысы ке­ңейетінін түсініп отырған компания бұл бағытта тиімді жұмыстар атқарып келеді. Мұнай компа­ния­сы болған соң оның экологиялық жауапкершілігі мен еңбек қауіп­сіз­дігін сақтау мәселелеріне де жіті назар аударылады. Қор рыногына ену арқылы ком­­панияның әлеуетін қалың жұрт­шылыққа паш етіп, отандық және шетелдік инвесторларды тар­­ту үр­дісі біздің елімізде дами қойма­ғандығы белгілі. Халық­ара­лық қор биржасында қа­рымын байқа­тып отырған шетелдік ком­пания­лар­дың ішінен ұлттық «Қаз­Мұнай­Газ» компаниясының еншілес ұйы­мы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың орын теуіп, бес жыл жемісті жұмыс атқарып келе жатқандығы қуантарлық жағдай. Кездесу барысында «Қаз­Мұ­найГаз» БӨ» АҚ-тың бас геологы Базар Есқожа 2018 жылға дейін алып өн­діріс ошағының мұнай қо­ры қазіргі 290 миллион тон­на­ның үстіне 116 миллион тоннаға дейін толығатынын айтты. Был­тырғы жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ еншілес компаниялардағы үлес­терді санағанда 13 миллион тоннадан астам мұнай өндірді. Компания 2020-жылға қарай әлем­дегі жетекші 30 мұнай компаниясы қат­а­рына кіру мақсатын қойып отыр. Ол үшін айқындап алған нақты даму стратегиясы бар. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өнді­ру» акционерлік қоға­мының өн­дірістік кешенін арттырып отыр­ған «Өзен­мұнайгаз» бен «Ембі­мұнайгаз» кәсіпорындары болып табылады. Соңғы кездері «Өзен­мұнайгаз» ұжымының бір бөлігі оқтын-оқтын ереуілге шығып, өн­дірістің қалыпты жұмысына кедергі келтіргені белгілі. Ор­ын­сыз ереуіл өз шегіне жетіп, жұ­мыс­шылары қызмет ор­ын­да­ры­нан айы­рылғандығын компания бас­шысы Ас­қар Балжанов БАҚ өкіл­деріне арналып өткізілген брифингте: «Биыл біз бірінші рет ереуілшілердің талап-тілегін ор­ын­даған жоқпыз. Өйткені, соңғы жылдары компания әлеуметтік шы­ғындарды молайтып, жалақы­ны өсірді. Тіпті шарықтау шегіне жетті десек, артық айтқандық емес. Демек, жұмыс беруші ретінде біз жұмысшылар алдындағы міндеттемелерімізді толық орын­дап шықтық. Оның үстіне, ереуілді түрлі деңгей­дегі сот орындары заңсыз деп таныды. Дей тұрған­мен, біз соңына дейін сабыр сақтадық. Үш айға созылған ереуіл кезінде жұмысқа шықпаған 2,5 мың адамның бір жарым мыңы жұмыстарына оралды, ал өкі­ніш­ке орай, жұмысқа шықпаған 990 адам жұмыстан босатылды», – деп түсіндіріп өтті. «Егемен-ақпарат».