Аймақтар • 31 Қазан, 2017

Маңғыстауда мекемелердің атауы жазылған маңдайшалар латын әліпбиіне көшірілді

1064 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап өткен болатын. 

Маңғыстауда мекемелердің атауы жазылған маңдайшалар латын әліпбиіне көшірілді

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 27 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алфавитті кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Үкіметке қазақ әліпбиін латын тіліне көшіру жөніндегі ұлттық комиссияны құру және 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру тапсырмасы жүктелді.

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуіне байланысты Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелердің атауы жазылған маңдайшалар өзгерді.  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығына қолдау көрсету мақсатында бүгін Ақтау, Жаңаөзен қаласы, облыс пен 5 аудан әкімдігі және Ақтау қалалық мәслихатының маңдайшалары кириллицадан латын жазуына ауыстырылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»