Аймақтар • 31 Қазан, 2017

Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шамұратов Нәжмадин Шакизадаұлы облыс әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Н. Шамұратов 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер», «Қайнар» университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Қазалы ауданындағы № 64 жылжымалы механикаландырылған колоннада жұмысшы ретінде бастаған.

2002-2005 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қазалы ауданының әкімі.

2005-2011 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын, облыстық құрылыс басқармасын және облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған.

2011-2015 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы, облыстық құрылыс басқармасының басшысы, Қармақшы ауданының әкімі.

2015 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35