01 Қараша, 2011

Жақсыдан – шарапат

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақсы адамдар көп қой өмірде. Дүниенің осылай тұрғанына олардың көп болғаны себеп екенін ешкім жоққа шығара алмас. Қатты қиналған сәттерде қол ұшын берген қайырымы мол жандардың еңбектерін қалай мақтасаң да жарасады. Жақсыдан шарапат көріп жүрген адамның бірі ретінде осындай азамат­тарға газет арқылы алғысымды жеткізгім келеді. Жуырда мен үшін үлкен қуаныш болды. Пә­терім­нің істен шыққан балконы мен тозығы жеткен құбырлары жөнделіп, адам танымастай әдеміленді. Әрине, бұл игілікті, сауапты жұмысқа ұйытқы болған Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Рыстин, «Тавис» ЖШС-нің прора­бы Николай Александрович және құрылысшы-жұмысшы Ж.Руслан және өзге де азаматтарға шексіз ризашылығымды білдіремін. Қазіргі таңда жалғыз тұрып жатқан мен үшін бұл көмектің көлдей екенін айтудың өзі артық. Әкем шахтада жұмыс істеп жүріп опат болса, анамның дүние салғанына да едәуір болды. Ал, бірге туған апайым алыста, Алматыда тұрады. Сауапты іс жасауды жандарына серік еткен аза­маттардың отбасына амандық, дендеріне саулық тілеуден мен қашанда жалықпаймын. Олардың жолдары ақ болсын демекпін. Светлана ҚАРАБАЕВА. Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы.