Сирия бейбіт келіссөздері бойынша кепілгер елдер Сирия Араб Республикасының ұлттық конгрессін Астанада өткізуге келісті.
«Ұлттық диалог конгрессін шақыру бойынша РФ ұсынысы БҰҰ қамқорлығымен женева процесі аясында талқылауға келісілді», деді кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін оқу кезінде министр Қайрат Әдірахманов.
Сонымен бірге министрдің айтуынша, келіссөздердің кезекті отырысы 2017 жылы желтоқсан айының екінші жартысында Астанада өтеді.