01 Қараша, 2011

Барлығы дұрыс!

398 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«ҰларҮміт» қорының зейнетақы активтері 2011 жылғы 1 қа­зан­­­да­ғы жағдай бойынша 408 миллиард 520 миллион теңгеден асты. Қазақстанның зейнетақы нары­ғын­да­ғы ірі жүйе құрушы зейнетақы қор­ларының бірі – «ҰларҮміт» – 2011 жыл­ғы 1 қа­зан­дағы жағдай бойынша келесі нәтижелерді жариялайды: Зейнетақы активтері – 408 миллиард 520 миллион теңге, салымшылардың саны – 1 миллион 647 мың адам, қызметінің басынан бері есептелген инвестициялық кіріс – 88 миллиард 550 миллион теңгеден астам, зейнетақы активтері бойынша на­рықтағы үлесі – 16,2 %, қызметінің барлық кезеңінде алу­шы­ларға жасалған төлемдер – 37 миллиард 485 миллион теңгеден астам, жарғылық капитал – 10 миллиард 654 миллион теңге «ҰларҮміт» ЖЗҚ көптеген қар­жы­лық көрсеткіштер бойынша зейнетақы жү­йе­­сі көшбасшыларының үштігіне кіреді. Қордың инвестициялық саясаттағы негізгі әрекеттері қоржын құрылы­мы­ның тиімділігін арттыруға, активтердің табысты­лығын оңтайландыруға және әлемдік на­рықта болып жатқан тұрақ­сыздық кезе­ңінде тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Инвестициялық қоржын­да инфляцияның деңгейіне бағдар­лан­ған мемлекеттік ба­ға­лы қағаздардың үле­сі артты. Бұл жинақ­тардың сақта­луын қамтамасыз етуге және оларды дағдарыстың кезекті толқынынан бо­луы ықтимал жағымсыз жәйттардан қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қордың басқарушы компаниясы, қаржы нарығында инвестициялау үшін қолайлы жағдай туындағанда, белсенді сауда опе­рацияларын жүргізуге дайын, бұл орта мерзімді келешекте кіріс­ті­лік­тің өсуіне мүмкіндік беретін болады. Салымшы­лар­дың қаражаттарының қа­лай жұмыс істейтіні туралы толығырақ ақпаратты Қор өзі­нің www.ularumit.kz сайтында және мерзімді баспасөзде жариялауда. «ҰларҮміт» ЖЗҚ, өз салымшы­ла­ры­на жақынырақ болу мақсатында, ай­мақтық желіні дамытуға баса назар аударуда. 2011 жылдың үшінші тоқса­нын­да өндірісті қалалар – Жезқазған, Екібастұз, Теміртау және Ақсайда жаңа филиалдар ашылды. Қазіргі таңда рес­публикамыздың бүкіл аумағында Қор­дың 21 филиалы және 140 астам өкілдіктері жұмыс істейді. Сонымен қатар Қор, жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әкім­шілік шығындарды оңтайландыруды және кәсіп­қой кадрларды белсендіруді жалғас­тыруда. «ҰларҮміт» серіктес компаниялармен бірлесіп өз салымшыларына ерекше өнім­дер – тауарларды сатып алу және қызмет көрсету кезінде жеңілдіктер алуды ұсы­нады. Қазақстанның бүкіл аймағында ор­на­ласқан 400-ден астам ұйым Қордың клиенттерін артықшылықтармен қамтама­сыз етеді. Олар қаржы мекемелері, дү­кен­дер, медициналық орталықтар, тіс емдеу клиникалары, дәріханалар, қызмет көр­се­ту ұйымдары. Қазір, «ҰларҮміттің» клиенттеріне несиелеудің айрықша шартта­рын ұсынатын қазақстандық жетекші банк­термен келіссөздер жүргізілуде. Қор өз салымшыларына сенім арт­қан­дары және дұрыс таңдау жасағандары үшін алғысын білдіреді. Марат АҚҚҰЛ.