«Осы уақытқа дейінгі мəліметтерге сəйкес Нью-Йорк қаласында жүк көлігінің бір топ жаяу жүргіншіні басып кетуінен қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда», - деп жазды Жайнақов.
Еске сала кетсек, Нью-Йорктің Манхэттен ауданында автокөлік велосипед жолындағы жолаушыларды қағып кетіп, оқ жаудырды. Ресми мәлімет бойынша, 6 адам оқиға орнында, 2 адам ауруханада қайтыс болған. 11 адам аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио журналистерге берген сұхбатында «Бұл, сөзсіз, қарапайым, еш жазығы жоқ адамдарға қарсы террорлық акті», деді.