01 Қараша, 2011

Партия қатары толықты

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ғабит Мүсірепов ауданында ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің ашылғанына көп бола қойған жоқ. Қазір мұнда жүзге жуық адам еңбек етеді. «Нұр Отан» ХДП-ның жергілікті белсенділерін диспансерге аудан әкімі Марат Тасмағанбетов бастап келді. Ол өз сөзінде Төрағасы Елбасы болып табылатын саяси ұйымның ел өміріндегі басты қоз­ғаушы күшке айналғанын, халық алдында беделді екенін атап көрсетті. Одан кейін жергілікті жағ­дай­ға кеңінен тоқталды. «Нұротан­дық­тардың» белсене араласуымен әлеуметтік-экономикалық салаларда табыстар толыса түскен. Егін орағы қорытындыланып, 1,5 миллион тоннадан астам астық жиналған. 3271 партия мүшелері 18 бастауыш партия ұйымдарына, 125 партия топтарына топтаса оты­рып, үлгі боларлық істер атқа­рып келеді. Биылдың өзінде 232 адам партияға мүшелікке өт­кен. Олардың 186-сы нақты секторда жұмыс істейді. Жиын соңында бір топ адамға партия билеттері табыс етіліп, партиялық топ құрылды. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.