Астана біздің еліміздің инвесторы әрі экономикалық әріптесі қатарындағы АҚШ-пен қатынастарды дамытуға ерекше назар аударады. Қ.Тоқаев біздің еліміздің көпсалалы өзара іс-қимылын нығайтуда президенттердің сындарлы үнқатысулары маңызы рөл атқаратынын атап өтті. Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа алдағы сапарының ерекше мәні бар. Парламент жоғарғы Палатасының басшысы АҚШ Конгресі мен өзара іс-қимылды тереңдету және парламентаралық ынтымақтастық тетіктерін нығайту жайында айтты.
Сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту келешегі туралы мәселені талқылау барысында Джексон-Вэниктің Қазақстанға қатысты түзетулерінің күшін АҚШ Конгресі жоюы қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.
Қ. Тоқаев барлық этникалық және діни топтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, біздің елімізде жүзеге асырылған саясат туралы америкалық делегацияны хабардар етті. Сенат Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің барлық бес Съезіне иудаизм өкілдерінің белсенді қатысқанын да атап өтті.
Д. Рубин бейбітшіл сыртқы саясат жүргізудегі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі нәтижелі жұмысы үшін Қазақстанға алғыс айтты. NCSEJ басшысының пікірінше, Қазақстан «этникалық, діни және мәдени бостандықтар мәселелерінде бүкіл әлем үшін үлгі» болып отыр.
Әңгіме барысында ядролық қарусыздану, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі Қазақстанның бастамалары да талқыланды.