01 Қараша, 2011

Электронды оқулықтарды құптады

1039 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Заманға қарай жасақталған отандық электронды оқулықта­ры­мыз соңғы жылдары оқушылар мен ұстаздардың «қолқанаты» болды десек, артық айтқандық емес. 2007 жылдан бері еліміздегі барлық мектептердің жараты­лыс­тану пәндері мен тілдерді оқы­ту­ға арналған 20 мыңнан аса интерактивті тақталар іске қосылған еді. Сол секілді 40 мыңнан артық сы­ныптарға интерактивтік тақ­та­лар қойылып, онымен мұғалімдер жұмыс істеп жатыр. Бұл мұға­лім­дер мен оқушылардың оқулықпен шектеліп қалмай, жан-жақты ізденуіне мол мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар,  интернет ар­қылы онлайн сабақтарын өткізу ісі де жақсы жолға қойылған. Бі­лімнің кілті мұғалімнің қолында десек, оларды қайта дайындау  «ви­ртуалды сыныптар» нәти­жесінде жүзеге асырылуда. Осы жобаның аясында биология, химия, физика пәндерінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде элек­тронды оқулықтар әзірленді. Интернет арқылы интерактивті сабақтар өткізіліп, «зияткерлік электронды оқыту жобасы» жа­салды. Осы арада мына бір нәрсені айта кетсек дейміз, алғаш рет Ота­нымызда арнайы портал ашылып, онлайн тәсілі бойынша өткізілген сабаққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, бұл ұрпақ үшін жасалып жатқан жұмыс деген болатын. Міне,  содан бергі 4 жыл ішінде электронды оқыту тәсілі өз елімізде ғана емес, өзге жұрттарға да танылып үлгерді. Соның бір дәлелі, Ұлы­бри­та­нияның бұрын­ғы білім және кә­сіби дайындық министрі Чарльз Кларктың біздің электронды оқу­лықтарымызды әлемдік дең­гейде деп бағалауы еді. Сүлеймен МӘМЕТ.