Қазақстан • 03 Қараша, 2017

Сараптама кеңесінің отырысы өтті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Сараптама кеңесінің отырысы өтті

Отырыс барысында моно­по­лияға қарсы реттеу жүйе­сін дамыту мәселелері тал­қыланды.

Талқылауға «Астана» халық­аралық қаржы орталығының басқару­шысы Қ.Келімбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А.Мырзахметов, Қазақстан Салық төлеушілер қауым­дастығының басқару­шы кеңесінің төрайымы Ж.Ерті­лесова, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж.Кұлекеев, «Ракурс» эконо­микалық талдау орталы­ғы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж.Ахметов, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү.Шаяхметова, «Қоғамдық мәсе­лелерге талдау жасау орта­лығы» қоғамдық қоры­ның дирек­торы М.Махмұтова, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А.Боранбаев және т. б. қатысты.