Қазақстан • 03 Қараша, 2017

ТМД үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар келісім жасалды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Ташкенттегі Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

ТМД үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар келісім жасалды

Шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыс аясында экономикалық өзара іс-қимыл мен ТМД-ға қатысушы елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға жағдайлар жасау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

«Атап айтқанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тауарлардың кедендік құнын анықтау және бақылауға қажетті ақпаратпен алмасу туралы келісім; 

ТМД аясында терроризммен және экстремизмнің өзге де күштеу шараларымен, сондай-ақ, оларды қаржыландырумен күрес саласында ақпаратпен алмасу туралы келісім;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жерді мелиорациялау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы және оны іске асыру бойынша бірінші кезекті шаралардың жоспары;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұнай-газ машинасын жасау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы және оны іске асыру бойынша бірінші кезекті шаралардың жоспары;

ТМД-ға қатысушы елдерде 2020 жылғы кезеңде халық санағын жүргізуге даярлық барысы туралы;

2020 жылға дейін ТМД-ға қатысушы елдерде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді және жергілікті шиеленістерге қатысқан соғыс ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сапасын арттыруды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша шаралар жоспарын 2018 жылы қаржыландыру туралы» делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.