Шара қарсаңында, 2 қараша күні кешке, Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыс аясында экономикалық өзара іс-қимыл мен ТМД-ға қатысушы елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға жағдайлар жасау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар сауда кедергілерін одан әрі азайту мен сауда мен кооперация әлеуетін ашуға қатысты шаралар қаралды.