Әлем • 03 Қараша, 2017

ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2018 жылы Тәжікстанда өтеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2018 жылы Тәжікстанда өтеді

Шағын құрамдағы отырыс аясында экономикалық өзара іс-қимыл мен ТМД-ға қатысушы елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға жағдайлар жасау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар сауда кедергілерін одан әрі азайту мен сауда мен кооперация әлеуетін ашуға қатысты шаралар қаралды. 

Кеңейтілген құрамда өткен отырыста үкіметтік делегациялардың басшылары ТМД еркін сауда аймағы туралы келісімшарттың іске асырылу барысын, мұнай-газ машинасын жасау, жерді мелиорациялау, тауарлардың кедендік құнына бақылау орнату, халықаралық картелдерге өзара тиімді іс-қимыл шараларын дамыту және өзге де мәселелерді қарады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар құжаттар талқыланды. Бұдан өзге, ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2018 жылдың көктемінде Тәжікстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.