Әлем • 03 Қараша, 2017

Таласта митинг өтті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таласта қала әкімшілігі ғимаратының алдында митинг өтті, деп жазады 24.kg. 

Таласта митинг өтті

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, митингке ең кемі жүз адам жиналған. Қала билігі митингке шыққандарға аппаратура мен трибуна қоюға тыйым салған. Акция заңсыз өткізіліп жатқандықтан, оларға стадионға бару да ұсынылған. Бірақ жиналғандар орын ауыстырудан бас тартып, мемлекет президентінің кешірім сұрауын талап етуде. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 29 қазан күні де митинг өткен болатын. Қатысушылар президенттің Талас облысы тұрғындарынан кешірім сұрауын талап етуде. Олардың айтуынша, мемлекет басшысы 18 қазан күні Бішкекте студенттерге білім гранттарын табыстау кешінде 16 қазан күні Таласта өткен митингті қатты сынға алған. Ол күні митингке президенттік сайлаудың нәтижесімен келіспеген халық жиналған болатын.