«Бүгін Жапония үкіметі 2017 жылдың күзінде орденмен марапатталатын шетелдік азаматтардың тізімін жариялайды. Орден иегерлерінің арасында ҚР азаматы, Невада Семей халықаралық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов те бар», - деп хабарлады жапон елшілігінен.
Дипломатиялық миссияның ақпараты бойынша, марапат «Күншығыс ордені, Алтын шуақ» деп аталады. Жапония императорының атынан берілетін орденмен Жапониямен достық қатынасты дамытуға үлес қосқан шетелдік азаматтар марапатталады.