Сыбайлас жемқорлық деген әлеуметтік теріс құбылыс едәуір немесе шамалы дәрежеде әлемнің кез келген мемлекетінде орын алған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың дұрыс жұмыс істеуіне, әлеуметтік қайта жаңғырту жүргізуге кедергі келтіреді, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіреді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы ретінде қаралады. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси еркінің, құқықтық мемлекет құру туралы оның көреген саясатының арқасында мүмкін болды.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық стратегиясы
Тәуелсіз даму кезеңінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің институттық және құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды. Бұл осы саладағы ұлттық заңнаманы жалпы танылған халықаралық стандарттарға айтарлықтай жақындатуға мүмкіндік берді.
Қазақстан кеңес дәуірінен кейінгі елдердің арасында сыбайлас жемқорлық заңнамалық базасын бірінші болып әзірлеуге кірісті. 1998 жылы шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарын, сыбайлас құқық бұзушылықтың нақты тізбесін айқындады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы басым превентивті тетіктерді қалыптастырды.
Кейіннен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ол құқықтық олқылықтарды жоюға және осы әлеуметтік зұлымдыққа қарсы іс әрекет етуде мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған орган – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылды.
Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Өткен кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің үш мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдардағы кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында маңызды рөл бөлінген.
Құқық қолдану тәжірибесін бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірлеу мақсатында Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия құрылды.
Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін шенеуніктердің озбырлығынан қорғауға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсаттарда Мемлекет басшысының бастамасымен Елбасының ресми сайтында 2010 жылдан бастап «Бизнесті Президенттік қорғау» деген бөлім жұмыс істейді. Ағымдағы жылы осы сайтқа 1806, оның ішінде құқық қорғау органдарының желісі бойынша 299 өтініш келіп түсті. Қарауға алынған өтініштердің әрбір төртіншісі қанағаттандырылды.
Көбінесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, судьяларға, әртүрлі деңгейдегі әкімдіктердің, салық және басқа да органдардың қызметкерлеріне шағымданады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және жолын кесудің сыбайлас жемқорлыққа едәуір бейім салалары бойынша, шағын және орта бизнесті қорғауды күшейтудің, басқару шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етудің кейінгі шаралары Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған жаңа салалық бағдарламасында көрініс тапты.
Салалық бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі болып сыбайлас құқық бұзушылықтардың, оның ішінде халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын арттыру арқылы алдын алу мәселелері айқындалды. 2017 жылдан бастап табыстарды жалпыға ортақ декларациялау мен ақша қаражатының қолма-қол айналымын қысқартуға кезең-кезеңмен көшу жоспарлануда.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің едәуір бөлігі электронды форматта ұсынылатын болады.
«Электронды үкіметтің» дамуы мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығы деңгейінің артуына, олардың қабылдаған шешімдерінің тиімділігіне, сыбайлас жемқорлық көріністердің азаюына әкеледі.
Бұлардың бәрі мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысын жандандыруға ықпал етеді. Тек 2011 жылдың 9 айында заңсыз жолмен табылған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды, экономикалық контрабанданы, парақорлыққа делдалдықты, билікті теріс пайдалануды немесе билікті асыра пайдалануды анықтау деңгейінің өскені байқалады.
Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан Республикасы 2008 жылы БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясын, ал 2010 жылы Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алу және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялады. Бірқатар мемлекеттердің үкіметтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта Еуропа Кеңесінің ГРЕКО (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы) халықаралық ұйымына мүшелікке өту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерді біріктіру, заңнамалық және өзге де шараларды жетілдіруге жүйелі көзқарас еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингісін едәуір жақсартты. «Транспаренси интернэшнл» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес 2008 жылы Қазақстан 145-ші ұстанымда болса, 2010 жылы 178 елдің ішінде 105-орында тұр. Қазақстанның жетістіктерін «Бизнес жүргізу-2011» рейтингі де растайды, оған сәйкес Қазақстан әлемдегі 183 мемлекеттің арасында ағымдағы жылға 11 тармақ қоса отырып, 47-орынға ие болды.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар БҰҰ, ЭЫДҰ, ГРЕКО беделді сарапшыларының, оның ішінде Астана қаласында 2009 және 2010 жылдары өткен халықаралық конференцияларда оң бағаларға ие болды.
Азаматтық қоғам институттарының аталған процестегі рөлі айтарлықтай артып келеді. Мысалға, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің қызметі қазақстандықтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық қозғалыстың туындауына ықпал етті. Бұл сыбайластық «дақты» таратпауға бағытталған іс-қимылдардың маңызды факторы. Барлық өңірлерде партиялық комиссиялар мен бекеттердің жұмысы жолға қойылған, сенім телефондары жұмыс істейді, мемлекеттік органдардың тиісті жұмысына мониторниг және талдау жүргізіледі.
Жаңа міндеттерді шешуге жаңа көзқарас қажет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің едәуір деңгейі құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігіне байланысты, осыған орай Мемлекет басшысы олардың алдына құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің жаңа шарттары мен талаптарына барабар осы көрініске қарсы іс-қимыл жүйесін құру бойынша міндет қойды.
Қазіргі кезде құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығында айқындалды.
Мемлекет басшысы қолдауының арқасында соңғы жылдары Қаржы полициясы агенттігінің әлеуеті едәуір нығайтылды, онда сыбайлас жемқорлық көріністерге байланысты барлық қылмыстар қамтылды. Сонымен қатар, қазіргі кезге дейін қаржы полициясы органдарының қызметі осы келеңсіз көріністің салдарымен күресуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөніндегі жүйелі жұмыс тиісті түрде жүргізілмейді, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингі жетекшілерінің ішінде жүрген елдер тәжірибесі жемқорлықтың шешуші рөлін адал өмір сүруді таратуға бағытталған алдын алу шараларын атқарды.
Сыбайлас жемқорлық құрылымының негізгі бөлігін қызметтік жалғандыққа байланысты әрекеттер, сеніп тапсырылған мүлікті өзіне иелену және ысырап қылу, пара алу, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, пара беру қылмыстары құрайды.
Кәсіпкерлік қызметке және экономикалық контрабандаға заңсыз қатысу түріндегі қылмыстық әрекеттерді ашу бұрынғыша төмен. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алулар, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары, құрылыс, кеден және салық әкімшілігі саласы сыбайлас жемқорлыққа едәуір бейім болып табылады.
Тергеу сапасының төмендігінен сотқа жолданған қылмыстық істердің төмендеу үрдісі байқалады.
Бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында оң үрдіс динамикасын күшейту қажеттілігі құқық қорғау органдарының тиісті қызметін ұйымдастыруға көзқарасты батыл өзгертуді талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың даму жолдары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі құқықтық негізі жетілдіруді қажет етеді. Өмір бір орында тұрмайды. Бұл тезисті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру үшін қолдануға болады, бұл туралы Мемлекет басшысы сыбайлас құқық бұзушылыққа ықпал ететін құқықтық амалдарды жою қажеттігінің астын сыза отырып, нақты айтқан болатын.
Біз заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияда ұсынылған шараларды, ал Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияда оларды іске асыру нәтижелерін қарай отырып, осылармен жүйелі негізде айналысып жатырмыз.
Егер осы жұмыстың бағытына қысқаша тоқталар болсақ, онда оларды үш негізгі топқа бөлуге болады:
– әлемдік тәжірибенің ең үздік мысалдарын ескеретін қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіру;
– «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңды және оларды одан әрі халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы дамыту;
– әкімшілік кедергілерді, оның ішінде лицензиялар және өзге де рұқсат беру құжаттарын қысқарту арқылы жою.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың шынайы жолы кез келген құқық бұзушылық үшін (төзбеушілік), ең алдымен жоғары тұрған шенеуніктерге жаза белгіленбей қалмауы тиіс.
Ұйымдастырушылық-қызметтік сипаттағы кейбір шаралар
Табысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижесі мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасы жоғары және тез болуы және осы қызметтерді көрсететін мемлекеттік қызметшілермен байланысқа түсуді барынша азайтуы тиіс.
Егер Еуропалық Одақ елдерінде азаматтар әр түрлі құжаттарды ресімдеуге 40 минут жұмсаса, Сингапурде – 15-20 минут жұмсалады, ал Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2,5 сағаттан бірнеше күнге дейінгі мерзімді құрайды.
Дамыған елдерде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2000-нан астам түрлі қызмет көрсетіледі, ал Қазақстанда барлық мемлекеттік органдар 211 қызмет түрін көрсетсе, оның 70-ке жуығын халыққа қызмет көрсету орталықтары атқарады. Осылайша, ХҚКО-ның әлеуеті айтарлықтай және бұл бағытта жұмыс істеу қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігіне қол жеткізу үшін халықтың жемқорлыққа деген көзқарасын өзгерту қажет. Қоғамда сыбайлас жемқорлық қабылданбауы керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, осы зұлымдықпен күресудегі шешуші сәт параны алу немесе беру туралы ой әрбір азаматтың санасынан сылынып тасталғанда ғана басталады.
Алик ШПЕКБАЕВ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.