Қазақстан • 05 Қараша, 2017

Жеңіл атлеттер спорттық жетістіктеріне байланысты категорияға бөлінбек

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өскемен қаласында өткен ҚР жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің отырысында 2018 жылғы ұлттық құрама штатын бекіту мәселесін қарастыру барысында белгілі болды, - деп жазады ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Жеңіл атлеттер спорттық жетістіктеріне байланысты категорияға бөлінбек

Онда жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері спортшыларды 2017 жылғы нәтижелеріне қарап, үш категорияға бөлу керектігін айтқан.

«Біз құрама А, В, С деп үш топтан жасақтауды жоспарлап отырмыз. А тобында Ольга Рыпакова бастаған құраманың көшбасшылары болса, В тобына эстафеталық сайыстарға қатысушылар мен құрлықтық және өзге додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүргендер енеді. Ал С тобы негізінен жастардан жасақталады. Сондай-ақ Рио Олимпиадасынан кейін декреттік демалыста болған Маргарита Мұқашеваны қостық. Ол бұған дейін ұлттық құрамада табысты еңбек көрсеткен спортшы. Ол өз алдына 2018 жылы үшінші рет Азия ойындарын ұтып алуды жоспарлап отыр, - дейді Григорий Егоров.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған тізім ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жіберіледі.