Боз кілем бәсекесі екі күні бойы ADCC және IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша өтті. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық жеткіншектер және ересектер қатысты. Алматы қаласының намысын Kazakhstan Тop Team клубының 7 спортшысы қорғады. Олар «GI» және «NO GI» нұсқалары бойынша сынға түсті.
-Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Біз өте ризамыз. Әрине, келесі жылы қатысушылардың саны арттына сенеміз. Жалпы айтатын болсақ, жарыс деңгейі және джиу-джитсу мен грепплинг біздің елде қарқынды дамып келеді. Ақтөбе қаласында қазір осы спорт түрімен айналысатындардың саны жылдан-жылға артып келеді. - деді Қазақстандық джиу-джитсу және грепплинг федерациясы атқарушы директоры Мигель Мамырбаев.
Байрақты бәсекенің алғашқы күні жаңадан бой көтерген спорт нысанында 7 мен 17 жас аралығында жеткіншектер және ерлер «GI» нұсқасы бойынша өзара мықтыны анықтады. Бірінші күннің қорытындысы бойынша, Алматы құрамасы қоржынға 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлделер жиынтығын салды. Турнирдің екінші күні алматылықтар жүлдесіз қалмады. «NO GI» нұсқасы бойынша жарыс жолына шыққан 33 джитсердің ішінде оңтүстік астананың спортшылары 7 алтын мен 1 қоланы ұтып алды.
-Турнир өте қызық болды. Қарсыластарда жақсы дайындалған. Алматын жүлде алғаныма қуаныштымын. Енді Алматыда өтетін ақтық бәсекеде барымды салып, жақсы өнер көрсетуге дайындаламын , - деп алматылық спортшы Батырхан Мұратұлы өз ойымен бөлісті. Спорттық шараның басты мақсаты, Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді анықтау. Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдармен, дипломдар табысталды.