01 Қараша, 2011

Жастар саясаты – болашақ кепілі

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жа­нын­дағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ІХ отырысы болып өтті Кеңес жұмысына оның мүшелері, Астана қаласы мен өзге де облыс әкімдерінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің хатшылары, Қазақстан Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және республикалық жастар ұйым­дары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғаби­дол­ла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен оты­рыста күн тәртібіне қойылған «Жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру туралы» және «Ауылдың гүлденуі – Қазақ­стан­ның гүлденуі» марафон-эстафетасына қатыс­ты мәселелер талқыланды. Жастар саясатына бай­ланысты нормативтік құқықтық база мәселелері туралы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Болатбек Әбдірәсіловтің есебі тың­дал­ды. Ал марафон-эстафетаның жұмыс барысы жө­нін­де Білім және ғылым министрлігі Жастар сая­саты департаментінің директоры Мадияр Қожах­мет қысқаша баяндама жасап, кеңеске қатысу­шы­лардың сұрақтарына жауап беріп отырды. Одан өзге, Алматы қаласы әкімінің орын­ба­са­ры Серік Сейдумановтың Алматы қаласы әкімінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің қызметі туралы есебі тыңдалып, еліміздегі ірі мегаполистегі жастардың мәселелері мен әлеуметтік сұраныстарына қатысты бірқатар тақырыптар қозғалды. Кеңес отырысына қатысқан Парламент Мәжі­лі­сінің депутаттары Бақыт Сыздықова мен Мұрат Әбенов өз тараптарынан жастар туралы заң жо­басына қатысты, жалпы бүгінгі жастарды маза­лай­тын түйткілді мәселелерді шешудің амалдары мен әлемдік тәжірибедегі жетік тұстарын ескеру керектігін және алдағы күндері жастарға қатысты мәселелерді Парламент қабырғасында қарастыр­ғанда атсалысатындықтарын жеткізді. Сонымен қатар, осы отырыста кеңестің 2012 жыл­ға арналған жұмыс жоспарының жобасы тал­қыланды. Алдағы жылдары кеңестің осындай оты­рыстары өзге өңірлерде де ұйымдастырылуы керектігін жиылған көпшілік бірауыздан ма­құлдады. Қанат ЕСКЕНДІР, Алматы.