Аймақтар • 08 Қараша, 2017

Әнші Зәбира Жұбатова тұрған үйге тақта орнатылды

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Қарағандыда ҚазКСР халық әртісі Зәбира Жұбатова тұрған Әли­ханов көшесі, 38/2 мекенжайы бо­йынша орналасқан үйдің қабыр­ға­сына мемориалдық тақта орнатылды. Ол Мәскеу сахнасында қазақ әндерін шырқаған талантты өнер иесі. Әнші Қарағанды облыс­тық филармониясының бастауында тұрғандардың бірі. Салтанатты шараға әртістің туған-туыстары, мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты.


Әнші Зәбира Жұбатова тұрған үйге тақта орнатылды


– Мемориалдық тақтаны орнатудағы мақсат – ұрпақ жадында танымал тұлға туралы естелік қалдыру. Біз еліміздің даңқын асқақтатып, халық шығармашылығын дамыт­қан жандарды ардақтай білуіміз керек, – деді Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқар­масының басшысы Еркебұлан Ағымбаев тақтаның ашылу салтанатында.

Зәбира Жұбатова 1914 жылы Петропавлда дүниеге келген. 1932 жылы өзінің қызмет жолын Қарағанды радиокомитетінде бастаған. Онда атақты тұлғалар Қали Байжанов, Қосым­жан Бабақовпен қатар қызмет жасаған. Кейін, 1947 жылы Қарағанды облыстық филар­мо­ниясының орындаушысы болып, онда зей­неткерлікке шыққанша қызмет еткен. Халық әртісінің еңбек кітапшасында небәрі екі жазба ғана бар. Меццо-сопрано дауыс иесі Ұлы Отан соғысы жылдары майдан­да­ғы концерттік топтардың құрамында өнер көрсеткен.

Ерекше дарын иесінің репертуарында халық шығармалары, классикалық және қазіргі заманғы шығармалардан тұратын 200-ден астам туынды болды.

Зәбира Жұбатованың жеке мұрағатынан көптеген қазақ әндерінің қолжазбалары табыл­ған. Олар – «Дайдидау», «Алқоңыр», «Боз­жорға», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Тать­яна­ның хаты», «Шахтер әні». Сонымен қатар өзінің қолжазба дәптерлерінде ол түрлі халықтардың – татар, армян, румын, қытай, ұйғыр және басқаларының әндерін жинаған.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы