Кездесуге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі А.Райымқұлова, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның басқа мемлекеттерден келген мамандары да қатысты.
Қазіргі әлемдегі жағдай бізді мәдениеттер мен халықтар арасындағы үнқатысу жолында жедел қимылдауға мәжбүр етеді. Мәдениеттерді жақындастырудың тұжырымдамалық негізін құру маңызды халықаралық бастамаларды іске асырусыз мүмкін емес. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі уақтылы шешім қабылдады және Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығын құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
Орталықтың негізгі басымдықтары Орталық Азия аймағында және Жібек жолында ғылыми зерттеулер жүргізуге, практикалық әлеуетін қалыптастыруға, халықаралық қоғамдастықпен ақпарат алмасуға, әріптестік пен өзара әрекеттестікті орнатуға бағытталған. «Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік. Бұл мәртебені алу үшін бірқатар рәсімдерді өту керек.
Біріншіден, бір немесе бірнеше мүше мемлекет мекеменің кандидатурасын ұсынады. Бұл ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссияларының жауапкершілігіндегі қызмет. Содан кейін өтініш беруші мекеме ЮНЕСКО Атқару кеңесіне ұсыныс дайындайды, Ұйымның Бас Конференциясының кандидатурасын ұсынады. Бас конференция бастаманы қарастырады және мәртебені беру туралы шешім қабылдайды», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.