Кәмшат апа жастайынан, тіпті 14 жасынан еңбекке араласқан. 1966 жылы механизаторлық курсты бітіргеннен кейін Меңдіқара ауданындағы «Харьков» шаруашылығында алдымен тракторшы, одан кейін механизатор болып 30 жыл еңбек етті. Ол шағын техникаармен қатар К-701 өнімді тракторын да жақсы игерді. Олыстық, республикалық жарыстарда жүлдеген атанды. Еңбекқорлық Кәмшатты даңққа бөледі. Кәмшат Байғазықызы ауыл шаруашылығындағы жұмысымен қатар, әр жылдары Кеңес Одағы Коммунистік партиясы есеп комиисясының мүшесі, КСРО Ұлттар кеңесі төрағасының орынбасары болды, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты міндетін атқарды.
Кәмшат апа қазақтың дана қыздарының бірі еді. Әйелдік биязылықтың, нәзіктіктің нағыз үлгісі бола білді. Ол бір отбасының ұйтқысы, төрт бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.
Кәмшаттың трактор руліне отыруы өз замандастарының рухын көтерді, жастардың үлгі тұтар тұлғасына айналды. Жастар Кәмшатқа еліктеді. Кәмшаттың құрметіне талай қазақ отбасында туған нәрестеге оның аты қойылды. Кәмшаттың бүкіл ғұмыры еңбекті сүюден, елге, туған жерге деген асқақ сезімнен тұрады. Оған еліктеп, қазақтың талай жастары трактор руліне отырды, жұмысшы мамандығының беделі артты.
Ол қарапайым еңбек адамынан қазақтың Кәмшаты дәрежесіне көтерілді. Кәмшатпен бірге тұтас дәуір көшіп бара жатқандай...
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақсан»
Қостанай