Тарих • 13 Қараша, 2017

Елу жылдан соң ашылған хат

383 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елу жылдан соң ашылған хат

Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мек­теп-гимназияның ғасыр­ға жуық тарихы бар. Көне за­ман­нан сыр шертетін бі­лім ұясының шәкірттері мен­ ұстаздары 1967 жылы ХХІ ғасыр тұрғындарына арнап хат жазып, оны мектеп ауласындағы соғыс құр­­бандары ескерткішінің іргетасына арнайы қорап­қа салып қалдырған екен. Аталған хаттың елу жылдан соң ашылуы аманат етілген. Осы аманат хатты ашу бүгін­гі ұрпақтың еншісіне бұ­йырыпты. Мектеп ұжымы мен ата-аналар комитетінің бас қосуымен елу жыл бұрынғы оқушылар мен ұстаздар­дың аманаты ашылып, көпші­лік алдында оқылды. Орыс тілді мектеп болғандықтан хат сол тілде жазылған (қазір қазақ және орыс аралас мектеп-гимназиясы). Мұнда мектеп ғимараты­ның 1939 жылы салынғаны, ол Түркістан қаласындағы тұң­ғыш екі қабатты нысан екен­дігі атап көрсетілген. Мек­теп айналасы тап-тақыр топырақ болғаны, одан беріде шәкірттер мен ұстаздар­дың бірлесіп, жеміс ағаштары­ның отырғызылғандығы және сол ағаштардың мәуелі бақ­қа айналғандығы жазыл­ған. Сонымен бірге хатқа Ұлы Отан соғысының қасіреті де арқау болыпты. 
Мектеп-гимназия ди­­­­­рек­­­­­­торы Ж.Орынбаеваның ай­туынша, елу жыл бұрын хатты салу рә­сі­міне ие болған Ольга Оси­пова, Михаил Шма­рин, Гүлхан Сәдиқызы және Нел­ли Шприна жиын­ға арнайы шақыртылған. Руха­ни сабақ­тастықты жаңғыр­туға бағытталған шара мек­теп қа­быр­ғасында әлі де жал­­­­ғасуда.  
«Елу жылда ел жаңа» де­­ген­­дей екі қабатты мектеп жанынан 4 қабатты оқу ғимараты, спорт залы мен акт залдары бой көтерген. Бұдан бөлек қала көлемінде тоғыз қабат биіктікке дейін түрлі нысандар салынғанын айтсақ, соңғы елу жыл ішін­­де жаңа Түркістанның қа­лыптас­қанын көзге елестету қиын емес. 
Әсерлі басқосудың соңын­да бүгінгі мектеп ұжымы 2037 жылы оқылуы тиіс хат жа­зып, аталған ескерткіштің іргета­сы­на жасырды. Хатта әлемдегі дамыған елдердің қатарына қадам басқан мем­лекетіміз­дің мұраты қа­зақ, орыс және ағылшын тілде­рінде баяндалған. 

«Егемен-ақпарат»