Кездесу барысында компаниямен ел экономикасының түрлі салаларында цифрландыру бойынша перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Бір айта кетерлігі, General Electric — өнеркәсіп пен цифрлық технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы. Компания Қазақстанда көптеген жылдар бойы көліктік машина жасау, энергетика, денсаулық сақтау, авиация, сондай-ақ, мұнай-газ салаларында қызмет көрсетуде.
Қазіргі таңда GE «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», Air Astana, Kaz Minerals және ERG-мен серіктестікте маңызды инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге қатысып жатыр.