Аймақтар • 13 Қараша, 2017

Алматы жастары баспаналы бола ма? 

297 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында алдағы 15 жыл ішінде 1 жарым миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін нақтылаған болатын. Бұл еліміздегі құрылыс нарығынның көрігін қыздырғаны анық.

Алматы жастары баспаналы бола ма? 

Нәтижесінде, биылдың өзінде бағдарламасы  іске асыру аясында 10 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Атап өтерлігі, мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен салынатын баспана бағасы нарықтағы үй бағасынан әлде қайда арзан екендігі. Яғни, тұрғындар баспананың әр шаршы метріне нарықтағыдан 20-30 пайызға дейін төмен бағамен қол жеткізе алады.

Алатау етегіндегі мегаполисте тұрғын үй құрылысы төрт есе өсті. Оның ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1,8 мың пәтер салынған. Жыл соңына дейін 4,5 мың пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл қала бойыша қолжетімді баспана көлемі 1,5 есеге арттырады. Сондай-ақ, Алматыда жеке құрылыс та қарқын алып келеді. Соңғы екі жыл ішінде қаланың сәулеті мен құрылысына жауапты мекемелерге  жалпы құны 1 трлн. теңге болатын 82 жобаны бекіту туралы өтінім беріліпті. Бұл қарқын өз кезегінде қаладағы инфрақұрлымды дамытуға да оң әсе ретуде. Арғы жылмен салыстырғанда биыл қаланы абаттандыруға 2,3 есе,ал жол салуға 1,3 есе және инженерлік желілерді жасақтауға 1,3 есе көп қаржы бөлігені беліглі болып отыр.  Бұл шаралардың тағы бір тиімдісі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Мысалға, биыл осы құрылыс насандарының қарқын алуының  арқасында қосымша 43 мың жаңа жұмыс орны құрылған.

Айтпақшы, Алматыда ресми тіркеуге алынған 80 мыңнан астам студент жастардың тек 35 мыңы ғана оқу орындары тарапынан қол жетімді жатақханамен қамтамасыз етілген екен. Ал бұл есепке қосылмаған 46 мың студент пәтер жалдап тұратыны анық. Және жыл сайын қаладағы жоғарғы оқу орындарын бітіретін 30 мың жас маманың 75 пайызы Алматыда тұрақтап қалуға тырысады. Оның үстіне Алматыда 35 жасқа дейінгі жастар саны 800 мың адамды құрайды. Осы жастар үшін жеке тұрғын үйге қол жеткізу арман. Демек, мегаполистегі баспанаға мұқтаж жандардың қатары көбейіп келеді деген сөз. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаудың нәтижесінде жас буынның осы арманы орындала түссе екен дейміз. Нәтиже бар, жақында  «Алматы жастары» атты арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни көлемі 10 млн. теңгеге дейінгі заемға жылына 5 пайыз жеңілдікпен несие беріледі. Жоба «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жүзеге асады. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай жеке жасалады,есеп бойынша ол кезең 3 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. «Алматы жастары» жобасын қолдауға қала бюджетінен 1 млрд. теңге бөлініпті. Қазіргі күні арнайы бағдарламаның бірінші кезеңіне құжат қабылдау аяқталып, үміткерлерді іріктеу жүріп жатыр екен. Бұл бағдарлама туралы қала әкімі де жастармен бас қосуда жиі айтады.

- «Алматы - жастардың қаласы» дегенді бекер айтпаса керек. 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасы жасалды. Сырттан келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Қазірдің өзінде 7,8 мың адам жұмысқа тұрды. 2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілуде. Әрине, жастардың тұрғын үйі туралы сөз бөлек. Мәселе бар. Осыны шешу үшін қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала алады. Бұдан бөлек биыл біз «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана саламыз. Келер жылы 2,4 мың орынды тағы да 2 жатақхана құрылысы басталады, - дейді Бауыржан Байбек.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ