Ол ішкі нарыққа әкелінетін және айналымдағы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдерді бақылау, сонымен бірге тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы объектілеріне қойылатын санитарлық қағидалар талаптарын қайта қарау бойынша жүргізілген жұмыс туралы әңгімеледі.
Республика бойынша отандық өнімдердің 12 пайызы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 88 пайызы импорттық өнімдер үлесіне тиесілі екенін атап өтті. Техникалық регламенттер талаптарының негізгі бұзушылықтары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу бойынша – 36 пайыз, физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі – 12 пайыз, өндірушілердің таңбалау қағидаларын бұзуы 48 пайызды құрайды.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының сөзінше, жануарлар тіндерін сәйкестендіруді анықтау бойынша тамақ өнімдерінің 145 үлгісі алынған. 40 үлгіде өнімнің таңбалауында көрсетілмеген шошқа ДНҚ-сы анықталған. «Ет өнімі топтары бойынша шұжық бұйымдарының 67,5 пайыз сынамасында, жартылай фабрикаттардың 20,0 пайыз сынамасында және ет консервілерінің 7,5 пайыз сынамасында сәйкессіздік анықталды», деді ол.
Жандарбек Бекшиннің мәліметінше, сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің басым сегменті Ресей Федерациясы өндірушілерінің үлесінде (52 пайыз).
«Бұл сүт өнімдері, балық және ет консервілері, шұжық және кондитерлік өнімдер, БАҚ және балалар тағамы өндірушілері. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының сәйкес келмейтін өнімдерінің 4 пайыздан 9,6 пайызға дейін өсуі байқалады. Қырғызстандық өндірушілердің сүт өнімдері мен кондитерлік бұйымдарының бірқатарының техникалық регламенттер талаптарын жүйелі түрде бұзу фактілері байқалуда. Мысалы, 2016 жылы комитет микробиологиялық көрсеткіштер бойынша «Ақ-сүт» ААҚ шаруа майы сүт өнімін, май-қышқыл құрамы бойынша «Вимм Биль Дамм» ААҚ сүтін, жалғандығы бойынша «Куликовский» КД кондитерлік өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізді. Тек қазан айында ғана қырғызстандық өндірушілердің сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің үлесі – 23,4, ал жеңіл өнеркәсіп тауарлары 44 пайызды құрады, бұл әрбір 2-3-ші сынама», деп атап өтті ол.
Ж.Бекшиннің айтуынша, ағымдағы жылы анықталған фактілер негізінде өнімдерді сатып алу қорытындысы бойынша бұзушылықты жою туралы 801 нұсқама берілген, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 826 іс қозғалған, соттың 415 қаулысы шығарылған, оның ішінде 360 талап арыз қанағаттандырылып, жалпы сомасы 19,5 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Сонымен қатар сауда кәсіпорындарында 11,2 млн теңгеден астам сомаға сәйкес келмейтін өнімнің 172 тоннасы саудадан алынған.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»