Қазақстан • 14 Қараша, 2017

Елордада өрттің алдын алу үшін аула аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрттің және ақаулы жылыту пештерін қолдану салдарынан улы газбен уланудың алдын-алу және болдырмау мақсатында Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторында аула аралау жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада өрттің алдын алу үшін аула аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қызметкерлер жеке тұрғын үй секторындағы аулаларды жұмыс күндері сағат 15-00 ден 18-00 аралығында, сенбі күні сағат 9-00 ден 12-00 аралығында аралайтын болады. Шара мақсаты өрттің және ақаулы жылыту пештерін қолдану салдарынан улы газбен уланудың алдын-алу және болдырмау болып табылады.

«Аула аралау кезінде жылыту қондырғылары тексеріліп, оларды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кеңес беріледі», - деп жазылған таратылған хабарламада.