Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қызметкерлер жеке тұрғын үй секторындағы аулаларды жұмыс күндері сағат 15-00 ден 18-00 аралығында, сенбі күні сағат 9-00 ден 12-00 аралығында аралайтын болады. Шара мақсаты өрттің және ақаулы жылыту пештерін қолдану салдарынан улы газбен уланудың алдын-алу және болдырмау болып табылады.
«Аула аралау кезінде жылыту қондырғылары тексеріліп, оларды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кеңес беріледі», - деп жазылған таратылған хабарламада.