Аймақтар • 17 Қараша, 2017

Қарағанды облысында әлеу­мет­тік және құқықтық көмек көрсету орталығы ашылды

433 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Таяуда Нұра ауданының орталығында аудандық прокуратура және ішкі істер бө­лімінің бастамасымен, Нұра ауданы әкімдігінің, сондай-ақ қоғамдық ке­ңестің қолдауымен «Сенім» әлеу­мет­тік және құқықтық көмек көрсету орталығының тұсауы кесілді. 

Қарағанды облысында әлеу­мет­тік және құқықтық көмек көрсету орталығы ашылды

Бүгінгі таңда бұл орталық рес­публика бойынша балама­сы жоқ тұңғыш жоба болып отыр. Тұрғылықты халық үшін маңызы зор мекеменің бо­лашақта әлеуметтік және құ­қық­тық көмек қажет ете­тін жандарға жәрдемі мол болмақ.

Айталық, бұл орталықтан қыл­мыстық іске күдіктілер, тар ­қапастан шыққандар, про­ба­ция тізіміндегілер, аз қам­тыл­ған отбасылар, же­тім­дер мен мүм­кіндігі шек­теу­лі жандар, от­басылық зә­бір көрген нәзік жа­н­дылар қа­жетті көмек ала алатын бо­лады. 

Салтанатты рәсім барысын­да 6 тарап әріпт­естік ме­мо­ран­думға қол қойды. Бұ­дан былай әлеуметтік және құ­қық­тық көмек көрсету ор­та­лығының жұмысына аудан әкімдігі, прокуратура, ішкі істер бөлімі, пробация қыз­меті, қоғамдық кеңес жә­не аурухана жауапты бол­мақ.

Бұған дейін Нұра аудан­дық прокуратурасы басқа да мүдделі органдармен бір­­лесіп, қоғамның әл­жу­аз топ­тар мәселесінде, жас­өс­пі­рімдер арасында құ­қық бұ­зушылықтың алдын алу жо­лында ата-аналар мен ұс­таздардың басын бі­рік­ті­ріп, «Әлеуметтік са­қ­­шы», «Сақшы ата-ана» ат­ты жобаларды жүзеге асыр­ған болатын. Ендігі уа­қыт­та халыққа қызмет көр­се­ту ор­­талықтарында құ­қық­тық қыз­­мет көрсету мәсе­ле­ле­рі­мен «Сенім» орталығы ай­на­лыспақ.

Салтанатты шараға аудан әкі­мі Ниқанбай Омарханов, ау­дан прокуроры Берік Қа­ра­таев, аудандық ІІБ бас­т­ығы Бекболат Зеитов, аудан­дық Қоғамдық кеңес төрағасы Сейілхан Қоңырбаев қа­ты­сып, орталықтың алдағы жұ­мысы жайлы ойларымен бө­лісті.

– «Сенім» орталығының ашылуы бүгінгі өмір талабы. Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақ­ты қадам» Ұлт жос­парының 33-қада­мын­да бүгін­гі күн талабынан туын­дап отырған өзекті мәселе – бас бос­тандығынан айыру орны­нан босаған және сынақ­тан өту қызметіне тір­келген аза­­матт­ар­ды әлеу­мет­тік оңал­­тудың тиімді жүйе­сін қа­­­лыпқа келтіру жа­йы айт­ыл­­­ған. Басталып жат­қан бұл игі шара Нұра ау­даны аза­мат­та­­рының мем­лекеттік және құ­қықтық ор­ган­дарға деген се­нім дең­гей­ін арттырмақ, – дейді аудан әкі­мі. 

Аталған орталық жұмы­сын бастаған күннен 15 аза­мат қабылдауға келіп, қа­жет­ті кеңесін алған. Бұл «Сенім» ор­талығына деген зор сенімді білдірсе керек.

– Ашылған орталық қыз­ме­ті барлық мемлекеттік орган­дарға бірлесіп, аза­мат­тардың құқықтық мәсе­ле­ле­рін шешуде тұрақты түрде, кең ауқымда әлеуметтік және құ­қықтық көмек көрсету мүм­­кіндігін береді. Бұл ор­та­лық арқылы ең өткір әлеу­меттік мәселелер дер кезінде анықталып, оларды шешу жолдары дереу қарастырылып, көмек көр­сетілетін болады. Бұл аза­маттарға әлеуметтік және құ­қықтық көмек көрсету тәр­ті­бін қолжетімді ету көрінісі, – дейді Нұра ауданының прокуроры Берік Қаратаев. 

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,
Нұра ауданы