18 қарашада қала маңындағы Жалтыркөл кентіне қатынайтын №316 автобус бағдары ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, қоғамдық автобус Астанадан таңғы сағат 5:40-та, 8:00-де, 11:00-де және 20:30-да «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан, Жалтыркөл кентінен сағат 6:43-те, 9:03-те, 12:03-те, 16:03-те, 19:03-те, 21:33-те шығатын болады.
«Қоғамдық көліктер «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» бастапқы пунктінен келесі бағыт бойынша жүрмек: Манас көшесі, - Абылайхан даңғ., - Астана-Қарағанды тас жолы, - Жібек Жолы ауылы, - соңғы аялдама Жалтыркөл ауылы.
Автобустар кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. Қоғамдық көліктер Жібек жолы елді-мекеніне кірмейді», - делінген таратылған хабарламада.