Қазақстан • 19 Қараша, 2017

Еліміздің басым бөлігінде алдағы апта жаңбырлы болады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады деп болжануда. Тек батыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Еліміздің басым бөлігінде алдағы апта жаңбырлы болады

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.