Наим ең алғаш 16 жасында Әлем чемпионы атанып, ғаламдық рекордты орнатты. Бастапқыда Болгария атынан жарысқа қатысып, Наим Шаламанов есімімен аты шықты. Ал 1986 жылдан бастап Наим Сүлейменоғлы өзінің атажұрты Түркияға көшеді. Түркия атынан жарысқа қатысу үшін арнайы рұқсат қажет болды. Болгария Түркия ауыр атлетика федерациясынан 1 миллион доллар талап етті. Түркия тарапы еш ойланбастан қандастары үшін қаржы аямады. Наим келе салысымен 1988 жылы 21 жасында Сеул Олимпиадасында чемпион атанды. Одан кейін 1992 жылы Барселонада, 1996 жылы Атлантада да оған тең келер ешкім болмады. Ауыр атлетиканың алыбы 2 рет Әлем чемпионы, 2 рет Еуропа чемпионы атанды. Өз салмағынан (60 келі) үш есе артық салмақты көтерген Сүлейменоғлы спорттық ғұмырында 46 әлемдік рекорд жаңарттып кетті.
Ермұхамед Мәулен
«Егемен Қазақстан»