«Астана Конвеншн бюро» ЖШС ұйымдастырған турға Қытайдан, Ираннан, сондай-ақ ТМД елдерінен 80 туроператор қатысты. Олар отандық операторлармен қарым-қатынас орнатып, бірқатар келісім жасасты. Жоспар бойынша «Welcome to Astana» ақпараттық туры үш күнге созылды.
Ресейлік экскурсовод Вера Попович: «Welcome to Astana» ақпараттық турының алғашқы екі күнінде біз Астанадағы қонақ үйлерді, медициналық, ғылыми, білім беру, спорттық және мәдени нысандарды араладық. Қазақстан астанасының «Бәйтерек», «Нұр-Әлем» сияқты бірегей ғимараттарында болып қайттық. Туризм саласы бірлескен жұмысты талап етеді. Ол қалалар, елдер арасындағы достықты нығайтып, адамдарды жақындастырады», - десе, «Астана Конвеншн бюро» ЖШС-нің бас менеджері Әсел Қарбаева: «Біздің қалада оқиғалық туризмді дамытудың зор мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда Астананың әлеуеті зор. Өйткені бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері Қазақстанның астанасын бейбітшілікке бастайтын орта ретінде таниды», - дейді. Сонымен бірге Әсел Қарбаева қазіргі таңда Елордада туризм саласының түрлі бағыттарын дамыту шаралары жүйелі түрде қолға алынып жатқанын айтып өтті.