05 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі №02-02-18/180

311 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2011 жылғы 13 қыркүйек, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылғы 16 қыркүйек                       №299                  Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасының  ойын бизнесі туралы  заңнамасының орындалуы үшін  жеке кәсіпкерлік саласындағы  тәуекелдер дәрежесін  бағалау өлшемдерін бекіту туралы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.Ғ. Кәкен): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ.Ғ. Кәкенге жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының     Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің     Экономикалық даму және сауда міндетін атқарушы     министрінің міндетін атқарушы _______________ Ә. Пірметов    _______________ М. Құсайынов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің  міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 қыркүйек № 02-02-18/180, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің  міндетін атқарушының 2011 жылғы 16  қыркүйек № 299  бірлескен бұйрығымен бекітілген Ойын бизнесі туралы заңнаманың орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері 1. Осы Өлшемдер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ойын бизнесі субъек­тілерін тәуекелдер дәрежесіне жатқызу мақсатында тәуекелдер көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленді. 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылған: 1) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесі ескерілетін зиян келтіру ықтималдығы; 2) бақылау субъектісі – казино, ойын автоматтары залы, букмекер кеңсесі мен тотализатор. 3. Ойын бизнесі саласындағы (казино, ойын автоматтары залы, букмекер кеңсесі мен тотализатор) қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ұдайы жоғары тәуекел дәрежесінде болады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7219 болып енгізілді.