Аймақтар • 21 Қараша, 2017

СҚО-да «Ресей-Қазақстан – мәңгі­лік достықтың қос қанаты» атты фес­тива­ль өтті

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ресей-Қазақстан – мәңгі­лік достықтың қос қанаты» атты халықаралық фес­тива­ль аясында қала тұр­ғын­дары Ямал-Ненец авто­номиялық округін қоныс­­танған халықтардың тұр­мыс-тіршілігімен, мәде­ние­тімен жан-жақты танысты.

СҚО-да «Ресей-Қазақстан – мәңгі­лік достықтың қос қанаты» атты фес­тива­ль өтті

Бүгінде аталмыш округте жарты миллионға жуық халық тұрса, үштен бірі ненец, ханты, селькуп секілді жергілікті тұрғындар. Олар негізінен бұғы және балық шаруашылығымен айналысады. Санының аздығына қарамастан салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрып­тарын берік ұстанатынын шара анық байқатты. Оның аясында Сібірдің ұсақ ұлттары жайлы де­ре­кті фильмдер көрсетіліп, дас­­­тар­­қанға ұлттық тағамдар қо­йылды.

Делегация жетекшісі, округ үкіметі басшысының орынбасары Елена Рудковскаяның айтуынша, Солтүстік Қазақстан мен Ямал-Ненец автономиясы арасындағы тұрақты байланыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Осы аралықта екі тарап арасында көптеген достық, мәдени жобалар жүзеге асырылған. Делегация мүшелерінің бірі Константин Ямзиннің әке-шешесі саналы ғұмы­рында көшпелі өмір салтын ұста­нып, кейін балаларына аманат­таған. Ол бұғы өсіру кәсібі­мен шұғылданып қана қой­май, ескі­лікті құндылықтарды да жа­ны­на серік еткен. Бақсы-шаман­дар­дан қалған музыкалық аспапты жақсы меңгерген. Ресей­дің қиян түкпірінде тұрса да, озық жетіс­тік­терден хабары мол. Сібір­ді суық, сұсты десеңіздер қате­ле­се­сіз­дер. Әр жердің қайталанбайтын таби­ғаты, өзіне тән тылсым сырлары болады. Ямал-Ненец – сондай аймақ дейді ол жылы жымиып.

Жұртшылық назарына бұғы терісінен тігілген неше түрлі бұйым­­дар да ұсынылды. Қай-қай­сы­­сы болсын көздің жауын алады.

Дастарқан мәзіріне қақталған бұғы еті, шұжығы, балықтың алуан түрлері мен уылдырықтар қойы­лып, көпшілік дәм татты.

Ресейдің алыс түкпірінде орна­лас­қанына қарамастан округ­тің өркениет көшіне ілесіп келе жатқаны сүйсінтеді. Орталығы Салехард мұнайлы қала саналады. Басқа да пайдалы қазбалар өндірілетіндіктен, өнімдеріне деген сұраныс жоғары көрінеді.

Халықаралық байқау аясында ұйымдастырылған фотокөр­мелердің, картиналардың, әдеби туындылардың да тағылымы мол болды. 

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы