Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда 20,9 пайызға артып отыр. Ал облыс орталығы Шымкент қаласында биыл жалпы аумағы 302 мың шаршы метрлік 5 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі.
ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында облыста құрылысы жоспарланған 231 нысанның жыл соңына дейін 115-ін пайдалануға тапсыру межеленгенін мәлім етті. Ал ағымдағы жылдың басынан 1-қарашаға дейін 61 нысан пайдалануға тапсырылған. Қалған 54 нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Шымкент қаласында биыл 201 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. «Шымкентте жалпы құны 22,5 млрд. теңгеге 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталығында - 32, арендалық -16, дәл сондай несиелік 16 тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек «Шымкент сити» шағын ауданында жалпы 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп келеді», - деді Әбілсейіт Рабаев.
Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ақылбек Қоспановтың айтуынша, аталған банк жүйесі бойынша биыл өңірде 982 пәтер пайдалануға беріледі. Келесі жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында облыс орталығы Шымкент қаласында 2500-ге жуық пәтер салу жоспарланған.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»